Шымкентте жалған нөмір тағатындар азаймай отыр
Сәуір айынан бастап «Сергек Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен Шымкентте 192 073 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оның ішінде, жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 71, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 6145, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған 1598 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 431, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 1394, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 879, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 1023 жүргізуші белгілі болды. Сондай-ақ, басқару құқығынан айырылған – 48, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша 180484 хаттама толтырылып, 4364 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
«Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен жыл басынан бері 8217-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзған 3590 жүргізуші ұсталды.
Айта кететін жайт, жол қозғалысы кезінде ережені ескермейтін жүргізушілер үлкен қауіп төндіреді. Осындай жғдайлардың алдын алу барысында «Қорғау» қосымшасы тәртіп сақшыларының жұмысын жеделдетті. Яғни, автоматтандырылған жүйенің көмегімен қауіпті жүргізушіні тез арада анықтауға мүмкіндік туды