Шымкентте ер адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полицияның хабарлауынша, 26 қазанда Әл-Фараби АПБ-ға Тәуке хан көшесі бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қайтыс болған азаматтың жеке басын анықтады. Ол 1969 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Тексеру кезінде, екі ер адамның арасында туындаған жанжал барысында жәбірленуші басынан алған соққыдан көз жұмғаны анықталды», — делінген хабарламада.
Жайт ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» СДТБТ-ға тіркелді.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде 42 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды», — делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін көшеде белгісіз біреудің ер адамды басынан аяусыз тепкілеп ұрып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлаған болатынбыз.