Шымкент
Шымкентте ер адам ұлын бауыздап өлтірді деген күдікке ілінді
Шымкентте әйел үйден ұлының қанға бөккен денесін тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кей БАҚ мәліметінше, әкесі ұлын бауыздап тастаған. Оқиға 1 желтоқсан күні таңертең орын алған.
«Қаратау ауданындағы оқиға орнында жедел-тергеу тобы бауыздалған 28 жастағы азаматтың мәйітін тапты. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді анықтау және ұстауға бағытталған барлық қажетті шараларды қолдануда», – деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ.
Күдікті психиатрлық есепте тұр.
ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.