Шымкент

Шымкентте ер адам анасын пышақтап өлтіріп, өртеп жіберген

Шымкентте ер адам өз анасын айуандықпен өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

KopSoz Telegram арнасы жазғандай, қылмыс бір күн бұрын, 12 қаңтарда сағат 02:50 шамасында Жабаев көшесіндегі жеке үйлердің бірінде болған. Бұрын сотталған 1994 жылғы ер адам психикасы бұзылған күйде жанжал кезінде анасын пышақтап өлтірген. Қылмыс жасаған соң мәйітті аулаға шығарып, өртеп жіберген.

Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қаңтарға қараған түні полицияға күш қолдану белгілері бар өрт туралы хабар түскен.

«Оқиға орнынан әйел адамның денесі табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс отбасылық жанжал салдарынан болған», — делінген полицияның агенттік тілшісіне берген жауабында.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Другие новости

Back to top button