Шымкент
Шымкентте депозиттен 445 мың доллар ұрлаған банк филиалының экс-басшысы 8 жылға сотталды
Ал оның сыбайласы 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Цеснабанк филиалының бұрынғы басшысы және азаматтық тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Нұржан Көлбаев ҚР ҚК 189 бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы Әсел Садықова 7 жылға сотталды. Сонымен қатар екеуіне де банк және қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқаруға 10 жыл мерзімге тыйым салынды.
Шымкент қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көлбаев пен Садықова «First Heartland Jusan Bank» АҚ-на 630 804 АҚШ доллары және 9 029 295 теңге көлемінде сот шығындарын өтеу міндеттелді.
Үкім заңды күшіне енді.