Шымкент
Шымкентте Дендросаябақ басшысы 14 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деп айыпталды
Шымкентте дендросаябақ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, сондай-ақ бас бухгалтеріне қатысты 14,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.
Тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді.
Қылмыстық істі қала прокуратурасы сотқа жіберді.