Шымкент
Шымкентте баланы сүйреген тәрбиеші жұмыстан кетті
Балабақшада бүлдіршінді аяусыз соққыға жыққан тәрбиеші жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Оқиға Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында», -делінген ведомстовоның хабарламасында.
Бұған дейін «Сүлеймен» деген жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі кішкентай қыз баланы аяғынан ұрып, сүйрелеп төсекке жатқызғаны туралы видео тарағанын жазған едік. Оқиға Шымкент қаласында тіркелген.