Шымкент

Шымкентте 74 жастағы қария мен 72-дегі әже отау құрды

Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жасар әжей шаңырақ көтерді. Олар заңды некесін қиған. Бұл туралы  Otyrar  хабарлайды. 

 

Найля Нұриева 72 жасында өмірлік серігін тапты. Балдақтың көмегімен қозғалатын әжей бір кездері тіптен жүре алмай қалған. Ұзақ өмір сүру орталығында ол аяққа тұрып, жүре бастағанымен қоймай, өз ғашығын да тапты. Некесін заңды түрде қиған жұпқа орталықтан жеке бөлме берілді.

«2 ай кездесіп жүрдік. Кейін ол маған сөз айтты, мен “иә” дедім. Некемізді заңды түрде тіркедік. Мұнда біз бірге тұрамыз, тіпті бізге жеке бөлме де берілді. Бәріне алғыс айтамын. Бізде бәрі жақсы, бәрі бар», – дейді 72 жастағы қалыңдық Найля Нұриева.

Қарттар үйінде 4 жұп бар. Орталықта зейнеткерлерге қажетті барлық жағдай жасалған. Қариялар түрлі ем-дом алып, спорттық жаттығулар да жасай алады.

«Осы қарттарымыздың жағдайын жасау мақсатында Шымкент қаласында 3 белсенді орталық ашылған. Ол жерде мықты дәрігерлер, қызметкерлер осы біздің қарияларымызға қызмет көрсетеді», – Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.

Другие новости

Back to top button