Шымкент

Шымкент қаласында 1,1 миллиард теңгені жымқырған шенеуніктер ұсталды

Шымкент қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті әкімдік пен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеп жатыр. Олар аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлағандай, қалалық коммуналдық кәсіпорын басшылығы ірі ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Тергеушілердің айтуынша, олар бақылаудағы қосалқы мердігерлермен және Шымкент әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен сөз байласу арқылы жұмыс пен тауардың құнын қымбаттатып жіберген.

Құқық қорғау органдары осылайша бюджеттен ұрланған соманы 1,1 миллиард теңгеге бағалап отыр. Бұл ақша жылу және электр желілерін жөндеуге арналған қаржы.

«Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдалана отырып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған.Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды», — делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, тергеу жалғасуда.

Другие новости

Back to top button