Шымкент

Шымкент жатақханасындағы студенттің өлімі: полиция күдіктілерді ұстады

ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды

Шымкенттегі жатақханада студент қайтыс болды. Мегаполис полицейлері күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі күдікті ұсталды. Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Нәтижесінде ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді.

Еске сала кетейік, 22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1 курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Другие новости

Back to top button