ГлавноеШымкент

Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты тұтқынға алды. Бұл туралы  ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Бүгін Шымкент әкімі Мақсұт Исаховтың ұсталғаны белгілі болды. Әлеуметтік желілерде Исаховтың сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар болғаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстады деген хабарламалар тарауда.

Қалалық әкімдік оның ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Бірақ ҰҚК әзірге жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме бермеді.

Айта кетсек, Мақсұт Исахов 1974 жылы туған. Еңбек жолын ішкі істер органдарында бастап, кейін Қазақстан темір жолында қызмет атқарған. Сондай-ақ, Исахов ШҚО әкімі аппаратында жұмыс істеген. Ол жерде көлік және жол басқармасының басшысы, содан кейін Өскеменде әкімнің орынбасары болды.

Сонымен қатар Алматыда жолаушылар көлігі мен жол басқармасының,  кейінірек энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды. ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына 2020 жылдың ақпан айында тағайындалған. Ол құрылыс, коммуналдық шаруашылық, көлік және автожолдар, туризм, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет салаларына жетекшілік еткен.

Другие новости

Back to top button