Шымкент

Шымкент әкімдігі заң бұзып, инвестордың құқығын таптаған

Шымкент әкімдігі заң бұза отырып бір жыл бойы инвесторға жер учаскесін беруге келісім бермеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысының маңызды инвестициялық жобаларды прокурорлармен сүйемелдеу жөніндегі тапсырмасы аясында Шымкент қаласының прокуратурасы инвестордың құқығын қорғады, — делінген қала прокуратурасының хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша инвесторға жер учаскесін беру мәселесі келісілді, кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылды.

Инвестициялық жоба сүйемелдеуге алынды, ол Шымкент қаласы прокуратурасы басшылығының бақылауында болады.

Другие новости

Back to top button