Алматы

Шымбұлақ шыңына шыққан турист қыздың жағдайы күрт нашаралған (ВИДЕО)

Демалыс күні 3 адаммен бірге 3450 метр биіктікке шыққан турист қыздың жағдайы күрт нашарлап, оны жерге түсіру үшін құтқарушылардың көмегі қажет болған, деп хабарлайды Azattyq ruhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Оқиға Іле Алатауында, атақты Шымбұлақ курортында тіркелген. Турист қыздың жағдайы нашарлаған соң жанында адамдар құтқару қызметіне жүгінуге мәжбүр болған.

«9 мамыр күні 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 м) шыққан.
Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған.
Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілді», — деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар Шымбұлақ шыңындағы қыздарға тек түнде жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсеткен. Құтқарушылар екі бойжеткенді Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырған.

Другие новости

Back to top button