Главное
Шығыс Қазақстан облысында 4,5 балл болатын жер сілкінісі тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында 28 тамыз күні таңертең жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.
Ұлттық ядролық орталықтың Инженерлік-геофизикалық іздестірулер институтының деректеріне сәйкес, жер асты дүмпулері Астана уақытымен 07:54-те (Гринвич бойынша 02:54) Күршім ауылы маңында, елді мекеннен шамамен 7 шақырым оңтүстік-шығыста тіркелген.
Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,5 балл, энергетикалық класы – 10,9, ошағының тереңдігі – 16 шақырым.