Ғылым және техника

Шығыс ғылыми-зерттеу түсті металдар институтында мыс концентратын алудың оңтайлы тәсілі жасалды

Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия түсті металдар институтының минералды шикізатты технологиялық сынау зертханасының ғылыми қызметкерлері мыс концентратын алу бойыншабайытудың оңтайлы схемаларын әзірледі, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Бұл технологияның тауарлық өніміметалл матрицаларына мысты тұндыру жолымен алынатын катодты мыс саналады. Осы ретте мыс катодтарының сапасы мықты және жоғары таза өнім екенін айта кетейік.

Айта кету керек, қазір бұл бағытта Қазақстан мен Иранның бірлескен жобасы іске асырыла бастады. Осы іскетүсті металдар ғылыми-зерттеу институтынжұмылдырудағы басты себеп – орталықтың мұндай жұмыстарды жүргізудегі іс-тәжірибесінің болуы, институттың тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыда сынақтарды жүргізу мүмкіндігі, сондай-ақ байыту мен металлургия бағытында қызметкерлердің жоғары біліктілігі және кәсібилігі маңызды фактор болды.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия түсті металдар институтының ирандық IRKAZ METAL Corporation компаниясыменынтымақтастығы 2013 жылы Борлы кен орнындағытотыққан мыс кендерінің үймелі шаймалау учаскесін жобалаудың технологиялық регламентін әзірлеу жөніндегі шартты жасасудан басталған еді. Сол кезеңде Қарағанды облысының Приозерный ауданындағы Қоңырад кенішінен 45 шақырым жерде орналасқан Борлы кен орны қор көлемін есептеу мен оған қажетті технологиялық зерттеулер жүргізу сатысында тұрған болатын.

Айталық, жоғарыдағы институттың минералды шикізатты технологиялық сынау зертханасының қызметкерлері Irkaz Metal Corporation-ның орташа мыс мөлшерін 0,35% деңгейге дейін тотыққан кендерді өңдеу жөніндегі міндетін шешу үшін мыс концентратын алуға байланысты байытудың оңтайлы схемаларын әзірледі.

Қазір аталған жобаның барлық техникалық әрі технологиялық шешімі өндіріске енгізілген. Еліміздіңаумағында осындай кәсіпорындардың қызметі мыс концентратын барынша өңдеуге мүмкіндік беріп, қосылғанқұны жоғары өнім шығаруға оң әсер етеді деп болжанып отыр.

Другие новости

Back to top button