Образование
«Шығын 13 млрд теңге»: білім саласындағы жемқорлық үшін былтыр 260 адам ұсталған
Білім саласындағы мекеме басшыларының жемқорлық әрекеттері тоқтамай тұр. Білім беру саласында қызмет етіп жүрген лауазымды тұлғаларға қатысты өткен жылы 200-ге жуық қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2023 жылы білім саласындағы тіркелген құқық бұзу мен сыбайлас жемқорлыққа қатысты өз құзыреттілігі шеңберінде мынаны хабарлайды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен білім беру саласында барлығы 192 қылмыстық іс тіркеліп, залал 13 млрд теңгеден асты. Оларды жасауда 260 адам әшкереленді, оның 111-і сотталды», — деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ерекше тапсырмалар жөніндегі офицер А.Тілеукеновтың мәліметінше, мемлекеттің қаражатын ұрлау бойынша еліміздің бес облысы мен бір қаласы көш басында.
«Ең ірі жымқыру Түркістан, Жетісу, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында анықталды», — деді ресми сауалға жауап берген ведомствоның ресми өкілі.