Мангистауская область

Шу шыққан Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа басшы келді

Қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры лауазымына Абзал Досжанов тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ҚМГ-ге сілтеме жасап.

Досжанов деген кім?

ҚазМұнайГаздың хабарлауынша, Досжанов Атырау қаласының тумасы, еңбек жолын 2006 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғылардың операторы ретінде бастап, гидрогенизациялық процестер ауысымының бастығына дейін көтерілген.

Францияның мұнай институтында (IFP School) біліктілігін арттырғаннан кейін ол Атырау мұнай өңдеу зауытында  жұмысын кәсіпорынды жаңғырту жобасын сүйемелдеу тобының технология бойынша бас маманы қызметінде жалғастырды.

2010 жылдан бастап KMG International компаниясында Петромидия зауытының процестерін жақсарту жөніндегі менеджер, өндіріс жөніндегі директордың орынбасары, Rompetrol Petrochemicals бас директорының бірінші орынбасары, Rompetrol Rafinare операциялық директоры, Rominserv және Rompetrol Well Services компанияларының басшысы, Rompetrol Rafinare мұнай өңдеу зауытында бас директордың бірінші орынбасары – бас инженер лауазымдарында еңбек етті.

2023 жылдан бастап қазірге дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаменті мұнай өңдеу басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Қызметтен кеткен Жусанбаев

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Ғалымжан Жусанбаев «мені қызметтен заңсыз босатты» деп, дау-дамайдағы өз нұсқасын жария ету үшін Астанада журналистердің басын қосып, баспасөз мәслихатын өткізді. Ол мұнай өңдеу зауытының бас директоры ретінде бір айдан астам уақыт қана жұмыс істеген. Жусанбаевтың баспасөз мәслихатында не дегенін Ulysmedia.kz тілшісі де тыңдап қайтқан болатын.

Другие новости

Back to top button