Восточно-Казахстанская область

ШҚО-да ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың 8 мүшесі ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың 8 мүшесі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары мен Ұлттық ұлан сарбаздары бірлесіп, өңір аумағында бірқатар қылмыс жасаған қылмыстық топтың жолын кесті.

Олар Катонқарағай ауданында кәсіпкерді аса ірі мөлшерде бопсалаған. Аталған дерек бойынша 8 адам құрықталып, қазіргі уақытта оның 4-уі қамауға алынған.

«Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өскеменде қылмыстық топтардың қарулы теке-тіресінің алдын алғаныхабарланған.

Другие новости

Back to top button