Госорганы
Шоу жасаудан жалықпайтын Арыстанбек Мұхамедиұлы «аштық жариялайтынын» айтты

Бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлына сот өткен айда үкім шығарған. Судья экс-министрді сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Артынша, өткен айдың аяғында оған «Дипломат» қонақ үйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды. Куәгерлер экс-шенеуніктің жаға ұстатарлық небір қулық-сұмдығын жайып салғанымен, Мұхамедиұлының өзі «жала жауып отыр» деген сөзінен танар емес.