«Шок контент»: Жанар Айжанова күйеу баласының бұйрашашты басын тақырлап тастады (ВИДЕО)

Жанар Айжанова күйеу баласының шашын тақырлап алып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айжұлдыз Адайбекова желідегі парақшасына жарының шашын алып жатқан сәттен видео жариялады. Онда Жанар Айжанова қолына ұстараны алып, Сәкен Қағаровтың қалың әрі сәнді бұйра шашын аямай қырып тастайды.
«Хейтерлер, армандар орындалады», — деп жазып қойды Айжұлдыз.
Айта кетейік, жас жұбайлар қосылғалы бері көпшілік Сәкен Қағаровтың шашын сынға алған болатын.
«Енді неге тиісер екен?», «көптің сұрауы орындалды, рахмет, Жанар апай», «саған бәрі жарасады, бауырым», «дударбас енді тақырбас болды», «шок контент», «әзілі жарасқан отбасы», — деп пікір қалдырып жатыр көпшілік қауым.
Еске салсақ, Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров биыл биыл сәуірде заңды некеге тұрып, тойын да өткізген. Жас жұбайлар тойында ерекше киім киіп, елді таңғалдырған болатын.
Бұл — Айжұлдыз Адайбекованың екінші рет тұрмыс құруы, оның бірінші некесінен Назар атты ұлы бар.