Алматы
Шілденің 1-5 аралығында жол жабылады: Астана полициясы түсініктеме берді
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде таралған қалаға кіруге және шығуға шектеулер қойылатыны туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әлеуметтік желіде және мессенджерлерде Қосшы, Қоянды, Ильинка, Талапкер және басқа да қала маңындағы елді мекендерден елордаға жолдардың жабылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтардың қалаға кіруі мен шығуы бойынша қандай да бір шектеулер қарастырылмаған», — делінген хабарламада.
ПД жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді және ресми дереккөздерге сенуге шақырады.