Госорганы

Шетелден алынған үйлер мен виллалар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мемлекетке қайтарылған активтерді көрсетті

материалға сілтемені көшіру

Антикор мәліметінше, қазір Ыстамбұлдағы пәтерлерді, Франциядағы үйлерді, БАӘ-дегі екі вилланы және Мәскеудегі «Снегири Эко» және «Алтын кілттер» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, заңсыз алынған мүліктер мемлекет меншігіне және Қазақстан аумағында да қайтарылады. Мысалы, Алматыда қонақүй ғимараты, «Қайсар Плаза» сауда орталығы, «Қайсар Тауэр» бизнес орталығы, «Майсат» бизнес орталығы, «МегаТау» сауда орталығы, «АрСат» бизнес орталығы, «Орион», коттедждер мен жеке үйлер бар.

Ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылдан бастап бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 857 млрд теңге сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілген. Оның ішінде 159,8 млрд теңгесі шетелдік юрисдикциялардан түскен ақша қаражаты түрінде. Бұл сома мемлекет бюджетіне түсті.



Мәселен, Австриядан 36,8 млрд теңге, Лихтенштейннен 116,7 млрд теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 млрд теңге, Түркиядан 253 млн теңге қайтарылған.

“Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдарда тіркелген жемқорлық қылмыстарға ерекше назар аударады. Жыл басынан бері өңірлерде барлығы 215 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 137-сі басшылар. Жемқорлыққа ұшыраған мемлекеттік қызметшілердің ең көп саны Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Абай және Жетісу облыстарына тиесілі”, – делінген мәліметте.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанға биылғы жылдың соңына дейін 180 миллиард теңгенің активтерін қайтару жоспарланғаны белгілі болған.

Другие новости

Back to top button