Шерзаттың ағасы Нұрқанаттың қазасы: қаралы үйдегі ахуал
Екі ай бұрын ғана Шерзат Болаттан айырылған қаралы отбасы бүгін Нұрқанат Ғайыпбаевты соңғы сапарға шығарып салуға дайындалып жатыр. Ulysmedia.kz тілшісі Талғарда қаза шыққан үйге барды.
Қаралы үйге Еңбекші қазақ ауданының әкімі келген. Ол Қаржаубай Нұрымовтың отбасына көңіл айтып, “қандай көмек керек” деп сұраған. Марқұмның туған-туыстары ешқандай көмек қажеті жоқтығын айтқан. Ulysmedia.kz тілшісі одан “отбасының үй мәселесі қалай шешіліп жатыр?” деп сұраған. Әкім “көктемде құрылыс басталған кезде көмектесеміз, оған дейін Қаржаубайдың отбасының құжаттарын реттей беруге, эскиздік жобасы жағынан заңнамалық көмек көрсетуге дайынбыз, ұсынысты айттық” деген. Қаралы үйге марқұмның туған-туыстары жиналған.
Ulysmedia.kz тілшісі марқұмның туған-туыстарымен сөйлеспек болған. Мүмкін болмады. Олар пікір білдіруден үзілді-кесілді бас тартты. Портал тілшісі Марқұмның әпкелері Бақыт пен Перизатты сыртынан көрді. Олар сөйлемек түгіл, бірін-бірі сүйеп әрең жүрді. Үйдің алдында бірнеше журналис бар.