Госорганы

Шерзат Полаттың әкесі қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов желтоқсан айының соңында бостандыққа шығады. Бұл туралы бүгін Сенат қабырғасында журналистердің сұрағына жауап берген  ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ол алдымен тергеушілер Шерзат Полаттың өліміне қатысты 11 қылмыстық іс тергеп біткенін, іс материалдары осы жылдың соңына дейін екі тарапқа танысуға берілетінін айтты. Баланың өліміне қатысты 11 адам қамалған.

«Ал, Шерзат Полаттың әкесі әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамалған болатын. Сот шешімі бойынша осы айдың соңында, мерзімі өткен соң босайды», — деп мәлім етті ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, 11 желтоқсан күні қолға түскен болатын. Ол полицияның көлігіне зиян тигізді деп айыпталған еді. 

Другие новости

Back to top button