Главное

Шерзат ісі: сот үкімі 5 маусымда шығады

Талғардағы қанды оқиға кезінде қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың ісі бойынша үкім 5 маусымда оқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығады. Үкім 2025 жылғы 5 маусымда сағат 16.00- де жарияланатын болады», — деді судья Ержан Жанұзақов.

Жасөспірімнің өліміне қатысты сот отырыстары Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтті. Сотталушылардың бәрі істеген ісі үшін өкінетінін айтты.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай жарыссөзде сотталушыларға ең қатаң жазаларды сұраған.

Нақты айтқанда, Абзал Шынасылды «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша кінәлі деп танып, 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ал басқа сотталушыларға қатысты келесі жазалар талап етілді:

  • Думан Ысқақ – ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылуы тиіс;
  • Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дархан Қалихамет, Шыңғыс Белғожаев – ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылуы тиіс;
  • Нұрқияс Ілиясов – 7 жылға сотталуы тиіс, ал бұрын өтелмеген жаза мерзімін ескере отырып, жалпы 9 жылға бас бостандығынан айыру сұралды;
  • Азамат Тоқтаубаев – ҚР ҚК 290-бабының 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға соттау, ал бұрынғы жазалармен қосып есептегенде 15 жылға бас бостандығынан айыру сұралды;
  • Равиль Сәкиев – ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға соттау, ал бұрынғы өтелмеген жазасын ескере отырып, жалпы 20 жылға бас бостандығынан айыру талап етілді.

Сот отырыстары басынан аяғына дейін онлайн көрсетілді.

Другие новости

Back to top button