Главное

Шерзат ісі бойынша 9 сотталушы сот залына әкелінді: біреуі – жасөспірім

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған облыстық сотында процесс қатысушылары әлі де жиналып жатыр. Ulysmedia.kz оқиға орнынан ақпарат таратып отыр.

Жоғарғы соттың коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас істі Жанұзақов Ержан Серікқазыұлы атты судья қарайтынын айтты.

Залға 9 сотталушы әкелініп, олардың 9 қорғаушысы да келген. Журналистер Жоғарғы сот өкілінен “не себепті дәл осы жерде сот процесі өткізіліп жатыр?” деп сұрады.

Себебі Шерзат Полаттың өлімі қылмыстық іс болғандықтан, қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралу үстінде. Қылмыстық істерді әкімшілік немесе азаматтық істер жөніндегі соттар қарамайды, – деді Перизат Сәдуақас.

Журналистер десе де, “кең зал неге қарастырмадыңыздар?” деп өз талабын айтты. “Оны жергілікті сот қызметкерлеріне бұл өтінішіңізді жеткіземін” деді Перизат Сәдуақас.

Оның сөзінше, полиция департаментінің мәдіметіне сәйкес, 9 сотталушы осы Талдықорғандағы изоляторда ұсталып отыр. Сондықтан, сот осы жерде өткізіліп жатыр. 9 сотталушының біреуі кәмелетке толмаған. “Егер сот қаулы шығарса, сот ашық болса, БАҚ өкілдерінен 16 жастағы баланы фото-видеоға түсірмеуді өтінеміз” дейді соттан.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды. Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол «полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады» деген ақпаратты жоққа шығарған.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

Другие новости

Back to top button