Выбор редакцииИнтервью

Шерхан Мұртаза жерді сатуға қол қойды – Мұхтар Мағауин

Халық жазушысы, тарихшы Мұхтар Мағауин Halyk uni ютуб-арнасына берген сұхбатында жер сатуды мақұлдап, қол қойған кейбір замандас қаламгерлердің аттарын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды. 

Әдебиет өкілі 17 жылдан бері шетелде тұрып жатса да, елдегі саяси мәселелерге пікір білдіріп отырады.

“Назарбаев тұсында “жер сатылсын!” деп қол қойған адамның бірі – Шерхан Мұртазаев. Жердің сатылуына бүкіл жазушылар қауымы қарсы болды. Алтынбек Сәрсенбаевтың ұйымдастыруымен жиналыс өткіздік. Барлық шығармашылық ұйымның өкілдері келді. Суретшілер мен композиторлар одағынан да адамдар келді. Сол жерде қатты-қатты сөйледік. Мен оның алдында мақала жазғанмын. Мен де сөйледім. Кейін сол отырыс газетке басылды. Бірақ менің айтқан сөзімді ешкім шығарған жоқ. «Жұлдызға» қайыра бастырдым, ол екінші сөз болатын. Сонда Мұртазаев жиналысқа келген жоқ. Алдында «Жерді сату – анасын сатқан», деп ұрандатып жүрген. Артынан «Жерді сатқан дұрыс, мен бір жерде отырғым келеді зейнетке шыққан соң, сонда жерсіз қалай отырамын?» деп парламентте Фариза екеуі жерді сату үшін қол көтерді. Үшінші жазушы болды, жер сатылуды қолдаған – Исабаев. Ол «Ауыл» деген партияның төрағасы болды, – дейді жазушы.

Еске салайық, көрнекті жазушының дін туралы пікірін жазған болатынбыз.  

 

Другие новости

Back to top button