Париж Олимпиадасында дзюдодан алтын иеленген спортшы Елдос Сметов бала-шағасымен отырған видеосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өмірдің мәні осылар ғой. Әкеңнің аты кім, сенің әкең кім еді. Шашымды жұлып тастамаңдар», — дейді Сметов қыздарына.
Желі қолданушылары оның видеосына түрлі пікір жазған. Көпшілігі қыздарының әрекетіне тамсанған.
«Чемпион болсаң өзіңе деп, отырғызып қоған ғой. Елдос Сметов екеніңде шаруасы жоқ олардың. Барлығы өзіне ұқсайды екен. Чемпионға білгенін істеп жатыр, балапандар. Елдос қарапайым, қазақтың батыры. Білдей бір чемпионды қор қылып отыр ма қыздары, соған көнген әкені айтыңыз», — деп жазды олар.