Госорганы

Шарлапаев Құлсары халқымен нақты қандай мәміле жасалғанын ашып айтпай қойды

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа су тасқынынан кейін баспананың бір шаршы метрі үшін 400 мың теңгені қолға беруді талап еткен құлсарылықтармен қалай келіскені жөнінде сұрақ қойылған. Сұрақ пен жауаптың соңы айтысқа айналып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жауап

– Қарапайым мәселеден бастайық. Бізде барлығына тұрғын үй беру тетіктері қарастырылған. Егер үйді су алса, бірақ оны жөндеуге болатын болса, онда мемлекет міндеттеме алып, жөндеуге қаражат бөледі. Егер тұрғын үйді қалпына келтіру мүмкін болмаса, біз жаңасын салып береміз. Бұл Құлсары ғана емес, сонымен қатар Петропавл, Ақтөбе, Орал, Қостанайдың да мәселесі деп санаймын. Қазір әр өңірде екі мыңға жуық үйдің құрылысы басталды. Бәрін мерзімінде аяқтайтынына сенімдімін. Тек бір елдімекенге немесе аймаққа баса назар аудармас едім. Себебі бізде мұндай зардап шеккен үй саны 17 мыңнан асады. Менің ойымша, мемлекет барлық зардап шеккен азаматтарға тең қолдау шараларын көрсетуі керек. Мұнда біз үйді жөндеу арқылы қалпына келтіреміз немесе жаңасын саламыз немесе сатып алып береміз, — деді ол.

Қандай сома туралы айтылып отыр?

Министрге осы сұрақ та қойылған, бірақ ол нақты жауап бермеді.

– Мен сізге жаңа ғана жауап бердім, тұрғын үйді қалпына келтірудің нақты тетіктері бар. Бізде қазір басқа балама жоқ. Мен сізге тағы да айтамын, қолдау шаралары «адамдарды мүмкіндігінше тез тұрғын үймен қамтамасыз етуге» бағытталған», — деді Шарлапаев.

Бұл ретте журналистер ең төменгі және ең жоғары өтемақы мөлшерін нақтылауды сұрады.

– Мен тағы қайталап айтамын. Сіз бұл сұрақты әкімдікке де қоя аласыз. Қазір айтылған қолдау шаралары тұрғын үйге деген қажеттілікті мүмкіндігінше тез жабуға мүмкіндік береді. Қолдау шаралары бар, олар беріледі, — дейді ол.

Құлсарыдағы ереуіл

Бұған дейін Құлсарыда митинг болған еді. Әуелі әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған.

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” — деп өз талаптарын жеткізді.

Митинг бірнеше күнге созылғаннан кейін тараптар мәмілеге келгені хабарланған. Алайда нақты қандай мәміле жасалғаны белгісіз.

Другие новости

Back to top button