Шалғайдағы теміржолшылар қыста тоңбай, жазда күнге күймей жұмыс істейтін болды – ҚТЖ модулді үйлер салып жатыр
Екі жыл ішінде ҚТЖ темір жол станциялары мен разъездерде 300 астам тұрғын үй модулін орнатты. Магистральдің шалғай учаскелерінде жұмыс істейтін теміржолшылар осы модулді үйлердің ішінде тұрып, демала алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚТЖ» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Модулді үйлердің ішіне 4-10 адам сыяды. Олардың іші заманауи талаптарға толық сай келеді.
«Инженерлік коммуникациялар қосылған, ауа баптағыштармен және су жылытқыштармен жабдықталған, демалыс бөлмелері, ас үй, душ және жуынатын бөлмелер, киім кептіретін орындары бар. Ішінде жиһазы, ыдыс-аяғы және басқа да қажетті тұрмыстық заттары бар», — деп хабарлайды компания.
Теміржолшылар бұл жаңалықты қуана қабылдаған көрінеді. 2024 жылдың өзінде-ақ ел бойынша осындай 180 модуль салынған.
«Олардың көбі әрине климаты қиын аймақтарда салынды. Мысалы, Ақтөбе облысындағы 29 станция мен разъездің (Вавилино, Таксай, Сұлусай, Тузово, Хромтау, Никельтау және т. б.), Қарағанды облысында – 24 станцияның (Соқыр, Қарағанөзек, Ақадыр, Мойынты, Көкдомбақ, Бүйрек, Сарықұм, Саяқ, Тоқырау, Тағынқара және т. б.) жанына осындай модульдер орнатылған. Ақмола, Қостанай, Абай, Қызылорда облыстарында осындай жайлы үйлердің 50-ден астамы салынды. Атырау және Маңғыстау жол бөлімшелерінде 40-тан астам модуль пайдалануға берілді (469рзд., 16 рзд., Бақсай, 15, Сазанкұрак, Сорша, Тоқсанбай, Санкібай, Үстірт, Маңғыстау, Қарақия, Курсай, Тұрыш және т.б.)», — деп хабарлайды компания.
Бұндай қолайлы жағдай теміржолшылардың еңбек өнімділігіне және жалпы көңіл-күйіне жақсы әсер еткен. ҚТЖ осындай заманауи модулді үйлерді сатып алып, орнату бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.