Культура

«Шал болғанда кетіп қалам»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі ашуланғанда өзін қалай басқанын айтып берді

Бұл туралы ерлі-зайыпты Jibek Joly арнасындағы «Төрлетіңіз! Арман & Ләйлә шақырады» бағдарламасында бөлісті.

 

«Муза және махаббат» тақырыбындағы кезекті бағдарламаға қатысқан Жолдасовтар жанұясы «отбасылық тығырықтардан, кішігірім келіспеушіліктерден қалай шықтыңыздар?» деген Ләйла Сұлтанқызының сұрағына былай деп сұраққа жауап берді.

«Ештеңе етпейді. Біраз шыдаймын, шыдаймын. Бірақ кейін шал болады ғой, сол кезде кетіп қаламын дейтінмін», — деп күліп жауап берді Айған Жолдасова.

Айған Жолдасова үйленген кезде алдымен сезім көп нәрсені шешсе де, кейін шыдамдылық керек екенін айтты.

«Ер адамға сәл иілсең, береке болатынын бәріміз білеміз. Отбасында сенім, сыйластық, кешірімшіл болсақ қана, отбасының ғұмыры ұзақ болады», — дейді сазгердің әйелі. Ал, Ұлықпан Жолдасов ашуланса, түнгі уақытқа да қарамай студияға кетіп қалатынын атап өтті. Сондай-ақ, бірінші қадамды әйелі жасайтынын айта кетті.

«Маған айтады: «Ертең шал болған мен саған көрсетемін. Айтамын ғой, мен шал болғанда, сен кемпір болмайсың ба? деймін», — деп қалжыңмен жауап беретінін еске түсірді Жолдасов.

Другие новости

Back to top button