Культура

«Шайымды өзім құйып ішемін»: Актриса Лидия Кәденова өзінің басқа енелерлерге ұқсамайтынын айтты

Талантты театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова «Егемен Қазақстан» басылымына берген сұхбатында өзінің қандай ене екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

“Қатып қалған қағидалар­мен өмір сүрмеймін. Еркіндікті сү­йемін. Қолымнан келгенше ке­лініме қолғабыс етуге тырысамын. «Сен – келін, мен – ене» деп санасып отырмаймын. Жағда­йым ке­ліп тұрса немерелерімді де ­ба­ғып, шайымды да өзім құйып іше беремін. Қазақ «Бала балдан тәтті, немере жаннан тәтті» деп бекер айтпаса керек. Дидарым­нан көр­ген қызығым – Дияр мен Дәлила ат­ты қос немерем бүгін­де бар өмірі­мнің мәні. Бар тіле­рім – балаларымның амандығы”, – дейді актриса.

Өнер иесі жүрек түкпіріндегі арманымен де бөлісті.

“Балаларымның қызығын көрсем деп Алладан ұзақ өмір тілеймін. Өйт­кені Дидарым жалғыз. Сол жалғызымды жалғыз өзім жү­ріп жеткіздім. Енді ұлымның қуа­нышына куә болып, қасында ұзағырақ жүре тұрсам деген үлкен арманым бар. Алладан жалғыз-ақ тілерім – осы”, – дейді Лидия Кәденова.

Айта кетейік, актрисаның жалғыз ұлы Дидар Кәден бірінші әйелі блогер Айым Алтынбековамен 2015 жылдың қарашасында шаңырақ көтеріп, Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде тойын дүркіреп өткізген еді. Алайда араға бір жарым жыл салып ерлі-зайыпты ажырасып кетті. Бүгінде олардың ортақ Дияр есімді ұлы бар. 2021 жылы Дидар Кәден екінші рет үйленді. Оның бұл жолы таңдауы  Лейла есімді биші аруға түскен. Олар Дәлилә есімді қыз тәрбилепе отыр.

Другие новости

Back to top button