Выбор редакцииСпорт

Сербия төріндегі жарқын жеңіс!

И.Тайманов атындағы гимназияның 9-сынып оқушысы, Қобда балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Макаров Шыңғыс Әлібекұлы Сербияда өткен халықаралық Гимназиада ойындарында 52 келі салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жекте украиналық спортшыны жеңіп, чемпион атанды.

Ол – Ақтөбе облысының екі дүркін чемпионы, ҚР Батыс аймақтық чемпионатының жүлдегері, AUYL SPORT-2024 жеңімпазы, бокстан спорт шеберлігіне үміткер (КМС).

Жаттықтырушысы – Бергалиев Серік Бисенғалиевич.

Другие новости

Back to top button