Социум

Сенбіге арналған ауа райы болжамы: Қар көшкіні, бұрқасын, көктайғақ

Синоптиктердің болжамынша алдағы тәулікте еліміздің барлық өңірінде күн райы бұзылады

Қазгидромет РМК болжамынша сенбі күні еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болып, жел көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7-8 қаңтар аралығында Алматы облысы Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып жел соғады, түнде облыстың солтсүтігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 17-22 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Қостанай облысының түнде басым бөлегінде қар, күндіз облыстың басым бөлегінде жауын-шашын күтіледі. Бұрқасын. Облыстың орталығында көктайғақ, тұман. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысында түнде солтүстікте, орталықта, таулы аудандарында, күндіз орталықта, оңтүстікте Жетісу облысының көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады, облыстың солтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысынның шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігіндн күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың солтүстік-батысында екпіні 23 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. қ.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облысының батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Другие новости

Back to top button