Спорт

«Сен мені шүйкебасқа айырбастап кеттің»: әйгілі әнші Шакира бұрынғы күйеуі жайлы

Пике мен Шакира былтыр маусым айында айырылысып кетті

Әйгілі әнші, колумбиялық Шакира өзінің жаңа әнінде бұрынғы күйеуі Жерар Пикемен арадағы қарым-қатынасын қозғап өтті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Колумбиялық поп-жұлдыз аргентиналық диджей Bizarrap-пен бірге испан тілінде кек алу туралы ән шығарды. Шетелдік БАҚ әннің әрбір қатарына үңіліп, ішінде бұрынғы күйеуіне және оның 23 жастағы жаңа сүйіктісіне қатысты сөздер бар деген қорытындыға келді.

«Мен 22 жастағы екі қызға теңмін. Сен мені шүйкебасқа айырбастап кеттің, Rolex-ті Casio-ға айырбастадың, «Ферраридің» орнына «Твингоны» (Renault автокөлігінің моделі) жөн көрдің. Өзіңнің чемпион екенің жөнінде мақтангершілікке салындың. Бірақ маған керек кезде өзіңді нашар қырыңнан көрсеттің. Мен сияқты сұлу қыз сен сияқты жігітке арналмаған. Ақылыңды жұмыс істетіп үйрен», — делінген Шакираның жаңа әнінің сөзінде.

Айта кетейік, Пике мен Шакира 2011 жылдан бері көңіл жарастырып жүрді. Араларында Милан және Саша есімді екі ұл бала бар. Алайда 2022 жылдың маусым айында Шакира Пикемен арадағы қарым-қатынасына нүкте қойылғанын хабарлады.

Ал «Барселона» футбол клубының бұрынғы қорғаушысы Жерар Пике өткен жылдың соңында карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдаған болатын.

Другие новости

Back to top button