Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Семей филиалының мәліметінше, Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 га алдын ала алаңда ағаштар жанған.
«Қазіргі өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 бірлік техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылған. Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Метеорологиялық жағдай: +34 градус, солтүстік жел 2 м/с. Өрт сөндірушілер өрттің өршуіне жол бермеу және оны сөндіру үшін барлық күшін салып жатыр», — делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Айта кетейік, 22 мамырда Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануы салдарынан «Семей орманы» МОТР аумағында орман өртенген болатын.