Главное

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қыз баланың мойнынан сипалаған (ВИДЕО)

Мұғалімнің сабақ үстінде оқушы қызға жасаған орынсыз әрекетін NeMolchi.kz қоры жариялады. Оқиға Семейдегі мектептердің бірінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кадрда мұғалім оқушы қыздың жанына тұрып, оның мойнынан сипап, бетінен ұстап тұрғанын, ал қыз баланың қозғала алмай, қарсы тұра алмағанын көруге болады. Мұндай жағдайдың бірнеше рет болғаны да айтылады.

Белгілі болғандай, видео 2023 жылы түсірілген. Оқушы қыз қазір тоғызыншы сыныпта оқиды.

Әлеуметтік желіде жарияланған хабардан кейін Балалар құқығын қорғау комитеті тексеру жүргізді.

«Балаға жағымсыз қылықтар жасаған мұғалім қазіргі уақытта білім беру саласында жұмыс істемейді. Комитет мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына да хабарласты», — деп мәлімдеді ведомстводан.

Другие новости

Back to top button