Абайская область
Семейде елес болып киініп, жұртты қорқытып жүрген бойжеткен ұсталды
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады
Семейде елес болып киініп, жұртты қорқытып жүрген қыз ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полиция мәліметінше, өткен жексенбі күні кешке қаланың жерасты өткелдерінің бірінде 22 жастағы тұрғын «елес» костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.
«Полицейлер қоғамдық жерде қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдарды келбетімен қорқытқан құқық бұзушының жеке басын анықтады. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін материал жиналды. Сот қаулысымен бойжеткен кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген ПД хабарламасында.
Абай облысының полиция департаменті қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және азаматтардың тыныштығын бұзбауды сұрайды.