Главное

Семейде 44 жылдан бері бірде-бір мәдени нысан салынбаған – Берік Уәли

Биыл Қазақстанның әрбір облысы Абай облысына бір-бір нысаннан салып береді. Маңғыстау «Достық үйін», Шымкент шығармашы­лық орталық, Түркістан көрме орта­лы­ғын, Астана жайлы мектеп, Ақтөбе жекпе-жек орталығын, Пав­лодар облысы үстел теннисі орта­­­лығын салуға, Шығыс Қазақ­стан­ Ертіс жағалауын жасанды­­рып бере­міз деп отыр.

Ұлы ақынның тойына орай басталған айтыстың алдында облыс әкімі Берік Уәли осыған орай тілектес болып отырған облыстардың басшыларына алғысын білдірді.

Мен сіздерге бір тарихи шындықты айтайын. Семей қаласында 1981 жылдан бері біздің қаламызда жаңа мәдени ошақ салынбаған екен. 1981 жылы салынған ғимарат – осы Абай театры. Содан бері 44 жыл бойы біздің облысымызда бірде-бір мәдени ошақ салынбапты. Президенттің “Абайға құрмет” акциясы осы олқылықтың орнын толтырар деген үміттеміз, – дейді Берік Уәли.

Абайдың 180 жылдығы

Биыл Абай облысында ұлы ақынның 180 жылдығы аталып өтеді. Үлкен той 1 тамызда басталған. Хакім Абайдың 180 жылдық мерей­тойы­на арналған онкүндік Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес-Аймақ» рухани орталығында «Abai akademiasy» атты энциклопедиялық порталдың тұсаукесерінен басталды. Ақын шығармашылығына арналған тұңғыш энциклопедиялық порталдың таныстырылымына облыс әкімі Берік Уәли, зиялы қауым өкілдері, абайтанушы ғалымдар қатысты. Ауқымды іс-шара аясында айтыс, концерт, Абай оқулары, спорт сайыстары ұйымдастырылады. Ұлы ақынның 180 жылдығы 10 күн бойы тойланады.

Дереккөз: https://qaz365.kz

Другие новости

Back to top button