Абайская область

Семей түрмесінде шай мен бәліштің ішінен телефондар табылды

Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды

Семей түрмесінде шай мен бәліштің ішінен телефондар табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖД қарасты ОВ-156/14 мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұланның №5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері кезекті қысқа мерзімді кездесуге келушінің сәлемдемесін тексеру барысында екі ұялы телефон тауып алған, біреуі шайдың ішіне жасырылса, екіншісі бәлішке салынған. 40 жастағы келушіге кездесу беруден бас тартылды.

«Сотталғандарға әкелінген сәлемдемелерді тексеру алдында тыйым салынған заттарды әкелуге әрекеттенгені үшін келушілер Қылмыстық және Әкімшілік кодекстердің бірнеше баптары бойынша жауапкершілікке тартылатындары туралы жазбаша ескертіледі, бірақ бұл әзірге оларды тоқтатар емес», – дейді жедел бөлім бастығы Айбек Ақшалов.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша (Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталған адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен заттарды жеткізу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Семей қаласының әкімшілік сотына жолданды.

 

Другие новости

Back to top button