Абайская область
«Семей орманынан» жүк көлігін толтыра кесілген ағаш тиеп алғандар ұсталды
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу ісі басталды
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2023/09/img_7941-780x470.jpeg)
Абай облысы Бесқарағай ауданында «Семей орманы» қорығынан жүк көлігін толтыра кесілген ағаш тиеп алып шықпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құқық бұзушыларды полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық жұмыс барысында ұстап алған.
«Бесқарағай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері орман қорының, «Семей орманы» мемлекеттік орман-табиғат резерватының Морозовский бөлімшесі аумағынан ағаштарды заңсыз кесіп әкетпек болған ер адамды тоқтатты», — деп хабарлады облыстық ПД өкілдері.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексiнің 378-бабының 1-бөлігі (Билік өкіліне тіл тигізу), 340-бабының 3-бөлігі (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) және188 бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.