Абайская область

«Семей орманы» филиалының директоры мен жиырмадан астам қызметкері ұсталды

Өткен жылдың жазындаболған ауқымды өртке байланысты орманды заңсыз кесуге және ағаштарды ұрлауға қарсы күрес шараларын күшейтілген еді. ІІМ аталған тапсырманы орындау аясында «Семей орманы» филиалының директоры мен жиырмадан астам қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін, 13:32

 

«9 шілдеде Абай облысының аумағында ІІМ және ҰҚК жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды. Орманды жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Пара алу фактісі тексеріледі

Күдіктілердің лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, мүлікті жымқыру фактілеріне қатысы бар-жоғы тексеріледі. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

«Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында Павлодар облысында “Ертіс орманы” республикалық мемлекеттік мекемесінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топ ұсталған болатын. Күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету, мүше болу фактілері бойынша іс тергелуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр”, — деді Қуандық Алпыс.

Другие новости

Back to top button