Абайская область

Семей көшелерін су алып кетті

Төтенше жағдайлар министрлігі Семей қаласындағы жағдай туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Семей қаласында сыртқы ауа температурасының көтерілуіне және қардың мол еруіне байланысты қаланың 4 аула аумағы мен 5 көшесі су астында қалған.

– Жергілікті атқарушы органдардың күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, тұрғындардың өтінімі бойынша «Теплокомэнерго» МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды. Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді. Қосымша Садовая көшесіндегі арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды, – деп хабарлайды министрлік.

Қазір қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалған. Жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар, Абай облысы ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылған. Еріген суды сорғымен тарту жұмыстары аяқталған. Қазір қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізіліп жатыр.

Другие новости

Back to top button