Госорганы

Сел қаупі жоғары: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынның мол болуына байланысты таулы өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова мәлім етті.

Оның айтуынша, кейбір өзенде сел жүру ықтималдығы жоғары. Таулардың беткейлерінде қарқынды еңіс ағыны қалыптасуы мүмкін.

«Елдің шығысында су деңгейінің шамалы ауытқуы болжанып отыр. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда сел қаупі сақталады», – деді Жанна Дәуренбекова.Төтенше жағдайлар министрлігі тауға бармауды, сонымен қатар таулардағы жағдай туралы хабарламаларды қадағалап отыруды ұсынды.

«Қауіп төнген немесе кенеттен сел болған жағдайда жер бедерінің ең биік нүктесіне көтеріліңіз», — деді Жанна Дәуренбекова.Еске салайық, бұдан бұрын синоптиктер қай өңірлерде ауа райы бұзылатынын айтқан.

Другие новости

Back to top button