«Сегіз әйел үш қызды соққыға жықты»: Желіде жаппай төбелестің видеосы пайда болды (видео)
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2023/09/img_7953-780x470.webp)
Әлеуметтік желіде жаппай төбелестің видеосы пайда болды. Видео авторы сегіз ересек әйелдің үш қызды соққыға жыққанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеоның астындағы сипаттамада оқиғаның 6 қыркүйекте Семей қаласындағы мейрамханалардың бірінде болғаны айтылған.
«Сегіз ересек әйел үш қызды ұрып-соқты. Қазір барлық қыздар бас жарақаттарымен, сынықтарымен, денелерінде гематомалармен ауруханада жатыр», — делінген хабарламада.
Абай ауданының полиция басқармасына аталған факті бойынша орталық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі «Бір топ адамдар жасаған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны туралы хабарлады.
«Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деді полиция.
Ведомство зардап шеккендердің жасын нақтылады. Олар 1997-2002 жылдар аралығындағы туған.
Сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді.