Главное

Сазгер Марат Омаров әнші Луинаны сотқа бермек

Композитор Марат Омаров әнші Луинаны сотқа бермек. Бұған Луинаның сазгер Марат Омаровтың танымал «Анашым» әнін рұқсатсыз орындауы себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, Луина әлеуметтік желіде туындының авторы ретінде Нұрлан Өнербаевты көрсетіпті. Cазгер бұған ашулы.

Марат Омаровтың сөзінше, дәл осы туындыға қатысты бір емес, бірнеше рет автор құқығының бұзылған.

Әнші Луина каверге бейнеролик түсіріп үлгерген. Оны зергер бұйым шығаратын брендпен бірігіп әйелдер мерекесі қарсаңында түсірген. Сөйтіп оны желіге жүктеп, астына Нұрлан Өнербаевтың әні деп белгілепті. Кавер нұсқа Марат Омаровтың ашуына тиеді. Әнді рұқсатсыз орындап, әрі авторын дұрыс белгілемеу тіпті оған бейнеролик түсіру үлкен жауапкершілік дейді, сазгер.

— Келісімшарт болу керек, біріншіден. Екіншіден, рұқсатсыз аранжировка жасаған. Үшінші, бейнетаспа жасаған. Онда да рұқсат сұрамаған. Төртіншісі, біле тұра, неге Нұрлан Өнербаевты жазып қояды, авторы ретінде. Ол жауап беру керек. Жазба түрінде шарт бар ма, соны көрсету керек. Ар жағын адвокаттар шешеді, дейді әнші, композитор Марат Омаров.

БІРІНШІ ЖАҒДАЙ ЕМЕС

Композитор автордан жаңылу оқиғасы «бірінші рет емес» дейді. Бұған дейін «Анашымды »Нұрлан Өнербаевтың туындысы дегендер болыпты. Ал Луина парақшасындағы жазбаны өзі емес, серіктес болған зергер компания жазды деп отыр.

ЛУИНА НЕ ДЕЙДІ

— Бұл кавер цифрлық платформаларда жеке ән ретінде шығарылмады және мен одан коммерциялық пайда көрмедім. Жарияланым серіктес компаниямен бірлескен жоба. Мәтінін бастапқыда редакторлар жазды. Бірақ менің қателігім сол,оны жарияламас бұрын егжей-тегжей қарамағаным. Біз бірден түзету енгіздік, дейді Луина.

Луина жағдайды түсінуді сұрайды және композитормен ортақ тіл табысатынына сенімді. Ал Омаров болары болып, бояуы сіңген соң бірдеме айтудың қажеті шамалы дейді. Сондықтан сазгер барлығын заң аясында шешпек.

Другие новости

Back to top button