Улытауская область
Сәтбаевта көлік өртеніп, жүргізуші көз жұмды

Сәтпаев қаласынан Жезқазған қаласына шыға берісте, 58 жастағы Меrcedes автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қала атауы жазылған аркаға соғылған.
Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік өртеніп, жүргізуші сол жерде қайтыс болды.
«Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады Ұлытау полициясы.