Улытауская область
Сәтбаев әкімі 10 миллион теңге алған жерінен ұсталды деген ақпарат тарады
Желіде Сәтбаев әкімі Шапағат Әубәкір ұсталғаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы телеграм арналар жазды.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қала басшысы 10 миллион теңге алған жерінен ұсталған.
Антикор ақпарат әлі анықталып жатқанын хабарлады.
Айта кетейік, Шапағат Әубәкір 1983 жылы туған. Ұлытау облысы әкімінің 2023 жылғы 20 қаңтарынан бері Сәтбаев қаласының әкімі.
Мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын 2006 жылы «Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бас маманы болып бастаған. Қала әкімі болып тағайындалғанға дейін мемлекеттік мекемеде басшы болған.