Главное

Сарыағаштағы медресенің бас ұстазының аяғын шәкірттері уқалаған видео желіде қызу талқыланды

Түркістан облысындағы Сарыағаш медресесінің бас ұстазы Әбдужаппар Смановтың әрекеті жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ НАРАЗЫЛЫҚ

Журналист Ораз Әлімбек Facebook-парақшасында медресенің бас ұстазының ерсі қылығы туралы жазған.

— Мынау Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінің шәкірттері. Оларға медресенің бас ұстазы Әбдужаппар Сманов бұтын уақалатып қойыпты. Сонда оқу-ағарту министрлігі медресе шәкірттеріне Смановтың бұтын уқаласын деп бюджеттен жүздеген миллиондап ақша бөле ме?! Мынау Смановқа тоқтау болмаса, ертең табанын жалатып, бас бармағын сордырады ғой ақыл тоқтатпаған балаларға, дейді ол.

Журналист медреселердегі былықтар туралы бірнеше рет жазғанын айтады.

— Мен қанша мәрте айттым, мүфтияттың іші де, медреселері де былық деп — тергеп-тексеріп, бәрін сотқа тартып жазасын беру керек. Мынау Смановтың бюджет қаржысына бұтын уқалатуы мәселенің бергі жағы ғана… Мүфтият жүйесінде бұдан басқа да азғындық көп. Оның біразы жазылды, айтылды, бірақ құзырлы органдар мүфтиятқа келгенде түк көрмегендей айналып өтеді. Мынау Сманов деген оңбағанды сотқа беріп, жазалап, патша көңілді пәпігін басатын азамат Түркістан облысынан табылмай ма?! Мынандай қорлыққа зайырлы қазақ қашанға дейін шыдайды?!, дейді Ораз Әлімбек.

ҚМДБ

Ұлысмедиа тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бұл жайтқа қатысты жауап беруін сұрады.

Другие новости

Back to top button