Культура

Сара Амангелді: «Қатын болатын қыз керек» деп гүл сыйлауға жарымайды»

Жас әнші, актриса Сара Амангелді жігіттердің болашақ әйелін таңдауда тым талапшыл келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

“Маған қатын болатын қыз керек. Жігіттерге нәзік, шетел көрген, оқыған, әдемі қазақ қызы керек екен. Таза, әке-шешесіне қарайтын қыз іздейді. Бірақ өздері бір құшақ гүл алып беруге жарымайды. Сондай жігіттерге қарасам күлкім келеді. Бұрын мен өзім ұнататын жігітке қарызға алып, анамнан “қыдырамын” деп ақша алып, ол ақшаны жинап, белдік сыйладым. Ол маған “рахмет” деп қана айтты. Не гүл бермейді. Мен оны қатты жақсы көрдім, көп нәрсе жасағым келетін. Бірақ соңында дұрыс істемеген мен кінәлі болып шықтым. Осыдан кейін “Кім кінәлі? Ол ма әлде мен бе?” деп ойланып қаласың”, – дейді Сара Амангелді.

Әнші ұнататын жігіт үшін анасынан да сөз естігенін жасырмады.

“Мамам: “Сара, Алладан қорықсаңдаршы. Біз ертеден кешке дейін сендердің керектеріңді тауып беріп жатырмыз. “Ана жігіт былай айтты” деп келесіңдер. Құрып кетсін ол жігіт. Сен – менің қызымсың. Істейтін адам істейді. Оған басыңды ауыртпа”, – еп айтты. Одан кейін біз үшін олардың жүрегі ауырады. Мені пайдакүнем деп ойлап қалмасын деп ойлайтынмын”, – дейді әнші.

Сондай-ақ ол әйелдеріне опасыздық жасайтын еркектер туралы да сөз қозғады.

“Отбасы, бала-шағасы бар еркектердің арасында уақыт өте келе “қолынан түк келмейді, сезімім суыды” деп айтатындар бар. Әйелін тұмшалап, намаз оқытып үйде отырғызып қояды. Бірақ өзі ұятсыз қыздарға жазатын қаншама жігітті көргенмін. Әділдік қайда? Ұят болу керек”, – дейді ару.

Другие новости

Back to top button